КЕМЕЛ КЕЛЕШЕКТІҢ МЕКЕНІ ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

0
132

Нұр-Сұлтан қаласы мерекені жаңа жетістіктермен, тың күшпен, шалқар шабытпен қарсы алып отыр. Біздің жас та көркем, қадамы нық қаламыздың жыл өткен сайын маңызы артып, мәртебесі өсе түсуде. Қай-қайсымыз да Елорданың тарихымен, дәстүрімен, мәдениетімен және қайталанбас қолтаңбасымен мақтанамыз. Астана күні еліміздің айшықты мерекесі. Астана – сәні мен салтанаты жарасқан ғажайып қала ғана емес, қазақ халқының сан ғасырлық армандарының ақиқатқа айналуының дәлелі, бүгіні бекем, келешегі кемел елдігіміздің айғағы. Астана – кемеңгер Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВТЫҢ батыл ойлары мен қажырлы еңбегінің жемісі.

Бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласы – Мәңгілік ел болу жолындағы көпұлтты халқымыздың мерейі мен мәртебесі, абыройы мен айбары.

Бұл айтулы мерекеге орай, баршаларыңызға бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш тілеймін.

Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, бейбітшілік пен молшылық тілеймін!

 

Б. ҚАРАСАЕВ, аудан әкімі