Талдықорғанда «Печа куча» форматында конференция өтті

0
153

Еліміздің қалалары Елордаға қарап бой түзейді. Бас қаладағы бастамалар басқа аймақтарда да қолға алынып жатыр. Соның бірі келешекте Талдықорғанда жаңа сипатпен жүзеге аспақ. Бұл мәселе Жастар саябағында «Печа куча» форматында өткен конференцияда талқыланды. Онда әр аймақтан келген спикерлер өздерінің ауқымды жобаларын таныстырды. Ал, «Алматы байк» компаниясының өкілі Әнуар Жүсіпов велоспортты дамыту бойынша тың жобасын көпшілік назарына ұсынды. Егер ол жүзеге асатын болса, арнайы веложолдар мен велотұрақтар салынбақ. Осылайша адамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау көзделген. Сонымен қатар, бұл жоба экологиялық ахуалды да жақсартуға сеп болады.

Жобаның жүзеге асуына қанша ақша кететінін айта алмаймын. Бірақ, Талдықорған үшін көп қаржы қажет емес. Веложобаны жүзеге асырған дұрыс. Себебі, экологиялық жағынан тиімді және адам денсаулығы үшін де пайдалы,-деді «Аlmaty bike» компаниясының өкілі Әнуар Жүсіпов.

Жүз сексен мың халқымыз 5 жылда жарты миллионға өсуі мүмкін. Сол себепті қазірден бастап, транспорт, жол мәселесін қолға алып, дайын болуымыз керек,- деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев