ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

0
124

2019 жылдың 1 сәуірінен азқамтамасыз етілген отбасыларды қолдау, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі-АӘК) тағайындау тетігін жетілдіру арқылы көп балалы отбасыларды қолдау шаралары күшейтілді

Атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен, әрбір отбасы мүшелеріне мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету өлшемі 50%-тен – 70%-ке артты,   Кедейлік Деңгейі (КД) (14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін).

АӘК тағайындау кезінде отбасының жиынтық табысынан «Күміс алқа» және «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы отбасы мен көпбалалы ана жәрдемақылары, сондай-ақ балалардың мүгедектігіне байланысты жәрдемақылар, студенттердің жәрдемақысы (стипендия) алынып тасталады.

Бүгінгі таңда кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің КД 70%-ке дейiн көтеріліп, 20 789 теңгені құрап айқындалды.

Ай сайын аз қамтылған отбасындағы әр балаға мекен жайда тұрғылықты, немесе уақытша тіркелген жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70%-ке көлемінде кепілдендірілген көмек төленетін болды (20 789 теңге). Отбасының ересек мүшелері үшін АӘК көлемі отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің белгіленген айырмасы түрінде есептелінеді.

Сұратылатын құжаттарды оңтайландыру арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау рәсімі жеңілдетілді. Егер кейбір мәліметтер жоқ болса, жергілікті жердегі жұмыспен қамту орталықтары, әкімшіліктер тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салып, өздеріне тиісті мәліметтерді алады.

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға кешенді әлеуметтік көмек көрсететін АӘК тағайындау тәртібі келесідей:

біріншіден, бұл ақшалай төлем;

екіншіден, жұмыспен қамтуға көмек көрсетудің белсенді шаралары, яғни кәсіби оқуға, жастар тәжірибесіне жіберу, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу, азаматтар мен оралмандардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу (орнатылған тәртіпте микрокредит беру);

жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін өз еркімен көшуге жәрдемдесу; мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру; қоғамдық жұмыстарға жіберу;

үшіншіден, мүгедектерге әлеуметтік оңалтуды қоса, әлеуметтік бейімделу шараларына, заңгерлік кеңес алуға, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, балабақшаға  кезекке тұруға және әлеуметтік қорғаудың және мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларына қатысуға мүмкіндік береді.

Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз болып екі түрге бөлініп төленеді.

  1. Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек – құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға немесе еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын аз қамтылған отбасыларға (жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға) көрсетіледі.

Шартсыз әлеуметтік көмекті алу үшін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу талап етілмейді.

  1. Шартты атаулы әлеуметтік көмек – құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға немесе еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтарға ұсынылады, бұл орайда қойылатын шарт – жұмыспен қамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы және әдеуметтік шарт жасасу, шарттың міндеттерін мүлтіксіз орындау.

Әлеуметтік келісім-шарт 12 айға жасалады.

Шартты атаулы әлеуметтік көмек өтінген айдан бастап ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлем түрінде тағайындалады.

Толық ақпарат немесе жеке кеңес алу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық, кенттік округ әкімі аппаратына жолыға аласыз.

 

Ж. АЙТЕНОВА, ЖҚ және ӘББ басшысы