Талдықорғанда Қазақстанның заманауи өнерінің көрмесі ашылды

0
55

Бүгін Талдықорған қаласының Көрме орталығында «Ұлы Дала тарихы» атты көрменің ашылуы өтті.
Шара Елбасы Елбасынын «Ұлы даланың жеті қыры»атты мақаласын жүзеге асыру аясында Алматы облысының әкімдігімен ұйымдастырылды.
Көрмеге 12 суретшінің 100 — ден астам жұмыстары қойылды. Олар: Алмагүл Меңлібаева, Сәуле Сүлейменова, Рашид Нұрекеев, Асхат Ахмедьяров, Сәуле Дүйсенбина, Әлібай Бапанов, Молдақұл Нарымбетов, Виталий Симаков, Саид Атабеков, Смаил Баялиев, Арыстанбек Шалбаев сияқты қазіргі заманғы өнердің негізін қалаушылар. Олармен бірге куратор, ғылым докторы, өнертанушы Юлия Сорокина және халықаралық куратор-Лиза Ахмади келді.
Айта кетейік, бұл Қазақстандағы осындай ауқымдағы алғашқы аймақтық жоба. Қазіргі таңда Талдықорған-суретшілер келген үшінші қала. «Жылжымалы көрме» бастамашылары Қазақстанның басқа өңірлеріне баруды жоспарлап отыр.