Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа тәсілдері таныстырылды

0
87

Астана, BAQ.KZ. Бір жарым жыл ішінде «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту Президенттік бағдарламасы нағыз брендке айналды. Қандай да бір оқиғамен таңданған және қоршаған ақиқатты сынаған кезде ол туралы әрдайым және барлық жерде айтады. Бұл жаңғырту үнқатып, қоғамға терең енгенінің көрсеткіші болып табылады. 16 қаңтарда «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың жаңа тәсілдері таныстырылды. Бұл туралы ҚР Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі болып табылады. Күн тәртібінде – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша бірлескен іс-қимылдарды талқылау.

Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова іс-шараны аша отырып, азаматтардың санасын жаңғыртуда Бағдарламаның ерекше маңыздылығын атап өтті.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында Бағдарламаның әрбір бағыты мен арнайы жобалары бойынша нақты мақсаттар мен міндеттер айқындалған, оларға қол жеткізу үшін ұзақ мерзімді және тікелей нәтижелер индикаторлары әзірленді.

«Бағдарламаны іске асырудың осы кезеңінде барлық тараптардан белсенді қатысу, бастама, сондай-ақ кең медиа-тарату талап етіледі. Негізгі міндет халықтың барлық топтарын, азаматтық және үкіметтік емес секторды тарту болып табылады. Сонымен қатар, бағдарламаны одан әрі іске асыру мақсатында орталық мемлекеттік органдардың жекелеген іс-шаралар жоспарын қабылдау орынды деп санаймыз», — деді Ж.Омарбекова.

Бұдан басқа, вице-министр жаңа тұжырымдамалық тәсілдерді есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілгенін хабарлады.

«Өңірлерде тарихи-мәдени парктер, «ашық аспан астында» музейлер ашылатын болады, Маңғыстау облысында бұрғылаушы геологтар музейін ашу, «Отырар», «Таңбалы», «Ұлытау» республикалық музей-қорықтарында 3 сапар-орталық салу жоспарлануда. Сонымен қатар, 20-дан аса сакралдық объектіде

жөндеу-реставрациялау жұмыстары жүргізілетін болады. Зияткерлік спорт түрлерімен 5-нан аса оқушы қамтылатын болады, ЖОО, колледждер мен кітапханалар Бағдарлама шеңберінде аударылған қазақ тіліндегі жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілетін болады» — деп вице-министр атап өтті.

Іс-шара барысында Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Ақпарат және коммуникациялар, Ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының негізгі бағыттарын таныстырды. Мәселен, жобаның мақсаты 2030 жылға қарай елді мекендерде ауыл халқының кемінде 80%-ын тұруын қамтамасыз ететін, ауылдық аумақтардың өмір сапасының заманауи стандарттарына жауап беретін әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын жаңғырту болып табылады.

Бұдан басқа, жастардың ауылдық елді мекендерді дамытуға және ауылдағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға кеңінен қатысуы, дарынды жастарды аграрлық ғылымға тарту үшін жағдай жасау көзделген.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе және пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ бірқатар ұсыныстар енгізді. Қатысушылардың барлық ұсыныстары одан әрі жұмыс істеу кезінде ескерілетін болады.