Басты ақпаратРухани Жаңғыру

ХАЛЫҚТЫ БІРІКТІРЕТІН ҚУАТТЫ КҮШ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылатын Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» жаңа бағдарламалық мақаласы Қазақстан халқының ыстық ықыласына бөленіп, қоғамда кең талқыға түсуде. Ол қазірден-ақ тарихи құжат деген атқа ие болып үлгерді.

Тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаев бұл мақаласында Қазақстанның тарихын зерттеу және ұлттық мұрамызды паш етуге бағытталған ірі алты жобаны таныстырған болатын.

«Өз еліңнің ұлттық дәстүріне, тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарау кез келген тәрбиенің негізі болып табылады және ең зор ұлттық құндылығымызды көрсетеді. Шыққан тегімізге зор мән беріп қарау арқылы ғана нағыз азаматтар тәрбиелеп, мықты мемлекет құра аламыз деп – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов  ағамыз айтқандай №14 орта мектебімізде де ұлттық құндылықтарымызды сақтай алатын, құрметпен қарайтын тұлғаларды тәрбиелеуге өз үлесін қосып келеді.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарыққа шыққалы сол бағыттарды негізге ала отырып, жұмыс жасап келеміз. Мектепте тәрбие саласы бойынша әр-түрлі іс-шаралар өткізіліп, оқушылар жыл бойы тарихи-мәдени жерлерге апарылды.

Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін тұлғаларды тәрбиелеуден аянбаймыз. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.

 

Г. ЖЕТИГЕНОВА,

№14 орта мектеп ДТІЖО

Басқа жаңалықтар

Back to top button