Ауыл тынысыРухани Жаңғыру

НҰРЛЫ ҚАЛА – НҰРСҰЛТАН

Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастауалары сөзсіз. Біздің ауданда да 1-4 сынып оқушыларының қамтылуымен Байсерке ауылында 12 орта мектептің маңынан «Күншуақ» жазғы демалыс лагері үшінші ауысым бойынша жұмыс жасайды. Бүгінде жазғы демалыс орнында 50 балдырған уақыттарын көңілді өткізуде. Олардың ішінде көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балалары бар. Қазіргі ауысымдағы демалыс лагерінде барлығы 50 бала алаңсыз демалыстарын өткізуде. Лагерьге келген демалушыларды күнделікті мектеп медбикесі денсаулықтарын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізеді. Сонымен қатар ауысымдағы балалары 6 маусым Нұрсұлтан күніне орай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шамалғанға, Үшқоңырда орналасқан тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың музейіне барды. Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. «Бала күлкіге тоймас» дегендей балалар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып, орта буын оқушыларына (5-7 сынып) әр түрлі қызықты сайыстар өткізілді. Лагерь демалушыларына әр түрлі ойындар ойнатылып, дойбы, шахмат жарыстары, тақырып бойынша тапқырлық, сөз жұмбақ сайыстары ұйымдастырылып тұрады. Бір мезгіл балдырғандар сурет салып, тақпақ жаттап, ән салады. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтеді. Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда. «Көңілді старт», «Лагерь аруы», «Күштілер, батылдар», сайыстарына оқушылар қызығушылықпен қатысады. Әдеп туралы әңгіме, әсемдік жайлы мақал-мәтелдер жарыстары көңілді өтуде. Демалыс орнында балалардың демалуына барлық жағдайлар жасалынған. «Күншуақ» лагерінде балалардың емін-еркін ойнауына арналған арнайы жазғы алаңдар,  бөлмелер жабдықталған, демалушылар ойын-сауық құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Балалардың қай-қайсысымен әңгімелессең де, жаз мезгілін жыл сайын асыға күтетінін, мектеп жанындағы лагерьге келу арқылы көп дос табатынын, түрлі іс-шараларға қатысып, көңіл көтеретінін айтып мәз-мейрам болысады. Бұл тұста балалардың демалыс күндерін қызықты өткізуге үлес қосқан тәрбиешілердің еңбектерін ерекше атап өтіп, жоғары бағалауға болады. Олар лагерьдің қызықты, көңілді өтуіне аянбай, шаршамай өз үлестерін қосқаны байқалып тұр. Біздің балалар тек қана түрлі сайыстарға қатысып көңіл көтеруден бөлек, мектеп маңы мен эко­логиялық лагерлердегі көгалдандыру мен абаттандыру сабақтарына да қатысады.

 

Г. МАМЕТБАЕВА, алаң тәрбиешісі.

Ж. ҚҰДІРЕТБАЕВА, тәрбиеші

Басқа жаңалықтар

Back to top button