Заң және бізҚоғам

Талдықорғанда электронды қолтаңбаның тиімділігі түсіндірілді

Қазақстан Республикасының Бас прократурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық филиалына, жыл басынан бері соттықты жою орталығынан 2740 анықтама келіп түскен.

Мамандардың айтуынша, азаматтардың басым бөлігі шет елге шығу үшін, сотталмағандығы туралы анықтаманы сұратады. Бұл жөнінде аталған басқарма өкілдері өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты. Басқосуда электронды үкімет порталын қолданудың жолдары мен артықшылықтарын түсіндірді. 4 мемлекеттік қызметтің 3 түрін «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы алу мүмкіндігі, яғни Қазақстан Республиканың кез келген тұрғыны үйден шықпай-ақ, онлайн түрінде қызметке тапсырыс бере алады, тек электронды-цифрлы қолтаңба арқылы, бұл мемлекеттік органдар бойынша жүру уақытын айтарлықтай қысқартады және көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын арттырады. Бұл біріншіден, пайдаланушылар уақытын үнемдесе, ал, екіншіден өте қолайлы, — дейді мамандар.

Бүгінгі күнде, мемлекеттік қызмет көрсету түрлері туралы тақырыбы мемлекеттік органдармен өте сұранысқа ие және өзекті.

«Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы беру» мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар, сотталмағандығы туралы анықтамалар Қылмыстық Кодекстің 79-бабы тәртібінде соттылықтың өтелуін ескере отырып беріледі. Яғни, қылмыстық қудалау тоқтатылған немесе соттылығы жойылған немесе алынып тасталған азаматтар «соттылығы жоқ» деген жазуы бар таза анықтамалар алады. Қызмет көрсетудің ең төменгі мерзімі 10 минут, қосымша тексеру кезінде 3 жұмыс күні болады», – деді бақылау жұмысы бойынша аға прокурор — Шолпан Ерғазинова.

Айта кету керек, барлық қызметтер тегін болып табылады, тек көрсетілген қызмет үшін 0,5 АЕК көлемінде мемлекеттік баж алынатын ресми құжаттарды апостильдеуден басқасы.

«Соттылығының болуы немес болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметті толығымен автоматтандырылған, осыған байланысты аталған мемлекеттік қызметті алу форматы бойынша мәселе өзекті болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button