Қоғам

Көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар азаматтардың қарызы кешіріледі

Мемлекет көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар азаматтардың 300 мың теңгеге дейінгі несиесін өтейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында ұлттық банк мамандары баяндады.

Президенттік науқан кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақтастық негізінде Елбасының Стратегиясын жүзеге асыру ісін жалғастыруға, соның ішінде аса өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге уәде берді.

Бүгінде еліміздегі әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтар (көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар) түрлі себеппен қиын жағдайға тап болып, өз аттарына алған несиелік міндеттемелерін орындай алмай отыр.

Көмек кімдерге және қандай жағдайларда көрсетіледі?

Сонымен, бұл жарлықта айтылған «әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтар» деген кімдер? Олар — көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар. Яғни түрлі себептермен қиын жағдайға тап болып, өз аттарына алған несиелік міндеттемелерін орындай алмай отырғандар. Бұл көмек 500 мыңға жуық қазақстандыққа көрсетіледі. Жарлық бойынша, кепілсіз тұтыну несиелері бойынша мынадай жағдайларда өтеу бойынша біржолғы тәртіпте шаралар қабылданады: Аталған қарыздар бойынша борышкерлер көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айрылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар; Қарыз бойынша жалпы берешегі 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайтын болса; Бір қарыз алушыға 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борышы мен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешегінің мөлшері 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайтын болса, оларды өтеу бойынша біржолғы тәртіпте шаралар қабылдасын.

Қанша көлемдегі несие өтеледі?

Несие алушылардың шамамен 300 мың теңге қарызы өтеледі. Бірақ мұндай сыйақы берілетін адамның биылғы 1 маусымға дейінгі қарыздарының жалпы көлемі 3 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button