Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

ТАЗАЛЫҚ – ТАБИҒАТ ТАРТУЫ

Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы есігі, қуатты қонысымен өсіп — өнер мекені. Ол жалпы адам баласының ортақ қазынасы.

Өсімдіктер. Жануарлар. Таңғажайып құбылыстар. Көркем көріністер. Бәрі-бәрі табиғаттың бір бөлігі. Әр адамның «шыр» етіп дүниеге келгені, «Ана» деген сөзді алғаш айтқаны, тәй-тәй басып оқу-білімге жол ашқаны – табиғаттың кең пейілі, мейірімі емес пе?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдайтынын айтты. «Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдаймын. Одан кейін Мемлекет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдап, халықтың экологиялық мәдениеттілігін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына еріктілерді тарту жөнінде тапсырма берген болатын.

Артынша министрліктің бастамасымен «BirgeTazaQazaqstan» экологиялық акциясы жарияланып, аталмыш акция аясындағы шараларға Үкімет басшысы Асқар Мамин де қатысқан еді.

«Мен бұл акция бүкіл Қазақстан бойынша жалғасатынына сенімдімін. Бұл жобаны Қазақстан аймақтарында дамытуға шақырамын. Акция жалпыхалықтық сипат алып, елдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына жол ашады деп сенемін», – деді Асқар Мамин. Осы акция аясында өзіміздің аудандағы Покровка ауылы маңындағы «Әлмерек абыз» кесенесінің маңайы мен Алматы өзенінің бойын тазалаудан басталды. «Бірге – Таза Қазақстан!» атты экологиялық акциясының жоспары бойынша, қала, кент және ауылдық округтердің санитарлық тазалық жұмыстары 2019 жылдың 27 шілде күні өткізілді. Жалпы Іле ауданында жыл басынан бері 10-нан астам сенбілік өткізілген болса, бүгінгі тазалық шарасына аудан бойынша 4700 адам қатысты, олардың ішінде 110 жекеменшік және мемлекеттік мекемелер мен «Жасыл ел» жастар жасағы атсалысты. Акцияға жалпы аудан бойынша 60-қа жуық техника жұмылдырылды. Сонымен қатар аудандағы «Таза Жер» ЖШС қоқыстан тазарту жұмыстарына тегін көмек қолдарын созды. Аудандағы жалпы 70га жер шаруашылығы, оның шінде, өзендер мен саябақтар, ойын алаңдары тазартылды.

Қажетке жарамсыз заттар мен күл-қоқыстар жойылып, 170 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды. Аудандағы және әрбір округтердегі өзендердің, көпірлердің, каналдар мен бұлақтардың арналары тазаланып, балалар алаңшалары ретке келтіріліп тазаланды. Сенбілікке аудан әкімі Б.Қарасаев қатысты: «Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек. Табиғат тіршіліктің құт-берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында. Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені адам баласы табиғаттың тіршілігінде өсіп-өніп, жетілген. Табиғат — ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Қазіргі күні табиғаттың ластануы үлкен — мәселе. Бұл барлық дүниежүзінде қарастырылуда. Таза табиғатты сақтағанымыз өзіміз үшін пайдалы екендігіне тоқталды. Сонымен қатар, Тазалықты өзімізден бастағанымыз ол өзімізге деген құрмет деп білемін», – деді.

Табиғат — сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда соның салдарынан адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. «Бір тал кессең, он тал ек», «Жер құтты болса, мал сүтті болады» – демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті, ауру тудырушы бактерияларды жоюшы тал, жасыл желек. Әркімнің өз туған, өскен жүрген ортасына деген құрмет болса, баршамыздың денсаулығымыздың да таза болары сөзсіз. Ендеше табиғатты аялайық ағайын! Тазалықты өзіңнен баста!

 

Нұргүл САБАҚАНОВА

Басқа жаңалықтар

Back to top button