Басты ақпаратРухани ЖаңғыруҰлы даланың жеті қыры

УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК ТОҒЫСҚАНДА…

Мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. Елбасы бұл жолы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталған.Әсіресе жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату керектігі жазылған. Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керек. Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл əлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар екендігін Елбасы тілге тие кеткен. Бұл мақала тәуелсіз күн шеңберінде шыққан идеолагиялық маңызы зор мақала. Елбасының мақаласын барлық өңірлерде насихаттау, талқылау шаралары басталды, барлық халық өзінің пікірін білдіріп жатыр. Бізде мақала шыққаннан бері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кездесулер жасап халыққа барынша түсіндіріп жатырмыз. Мақалаға байланысты мәдениет саласының қызметкерлерінің ой-пікірлері өте маңызды деп ойлаймын. Елбасығылымға, мәдениетке байланысты көп нәрсе айтты, аталмыш салалардың төңірегінде атқарылуы тиісті шараларды ақылдасып шешуіміз керек. Тұп-тамырынан ажырап қалған елдің ертеңі кемелді болмасы анық. Елбасы осы мақала арқылы бүгінгі таңда кенжелеп қалған дала фольклоры мен музыкасын қайта жаңғыртуға, ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыздар қиссалар мен эпостары жинақтар сондай-ақ қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығаруды тапсырды.

Әлемде казір қай салада болмасын бәсекелестік орыналуда. Осы ретте біздің халқымызды басқа елдер немен таниды? Әрине, салт-дәстүрімізбен сонымен қатар жібек жолының бойында жатқан қазақ елінің әлем өркениетінің дамуында өзіндік орыны бар, түркі тілдес елдердің қара шаңырағы ретінде тануы керек. Міне, осыны өзімізден бастап, ұрпақтарымызға, балаларымыздың жадына тоқуымыз қажет. Бұл бір күнде,бір реттік емес ұзақ мерзімде аталып өтетін іс-шаралар.

Біздің тарихымыз – Қазақстан халқын біріктіретін қуатты күш, барлық азаматтарды жігерлендірудің қозғаушы күші, бұлағы. Тарихымыздан қысылып-қымтырылатын, ұялатындай кереғар жақтарымыз жоқ керісінше осындай салт-дәстүрге қойнауы толы ел екенімізді мақтан тұтып, өзге елдерге үлгі болуымыз керек.

 

Ұ.ЖҰМАДІЛОВА, «Ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button