Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Ескелді ауданында 4 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бірінші бағыты бойынша көпбалалы жанұяларға тұрғын үй сатып алу үшін Ескелді ауданына 50,0 млн.теңге бөлінген болатын. Оның ішінде 34,0 млн.теңге республикалық, қалған 16,0 млн.теңгесі облыстық бюджеттен.

Аталмыш бағдарламның аясында Ескелді ауданына қарасты Қарабұлақ, Сырымбет, Бақтыбай, Ақын Сара ауылдарынан көпбалалы отбасыларға 4 тұрғын үй берілді. Аудан әкімі Рауан Рақымбеков баспаналы болған отбасыларды қуаныштарымен құттықтап, 5 бала өсіріп отырған ана Бибігіүл Бектурова, 4 бала тәрбиелеп отырған Аида Молдыбаева, 6 бала тәрбиелеп отырған Жанар Акилбаева және 5 бала өсіріп отырған Каукер Каримова атты көпбалалы аналарға үйдің кілтін табыстады. Үлкен қуанышқа жетіп отырған отбасылар аудан әкіміне алғыс айтып, жауапты жұмыста табыс тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button