Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратРухани Жаңғыру

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы кемел келешекке бағдар болған ауқымды құжат. Онда ұлттық идеологияның, рухани жаңғырудың маңызды тетіктері қарастырылған.

Елбасы: «2025 жылға қарай ісқағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяпқалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз», – деп мәлімдеген болатын.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясында латын әліпбиіне – 2025 жылы толық көшетініміз туралы нақты белгіленген.

Елбасының «Латын әліпбиі – заман талабы» деген сөзін басшылыққа ала отырып, әлем кеңістігіне еркін саяхаттай алатынымызға нық сенуіміз керек.

Сондықтан да, латын әліпбиіне көшу – мемлекетіміздің одан әрі дамып, көркейіп, гүлденуі үшін қолға алынған маңызды бастамалардың бірі. Бұл – заман талабына сай айтылған орынды ой деп білеміз.

Латын әліпбиіне көшкен жағдайда ағылшын тілін меңгеру де оңайға соғады. Бүгінгі заман талабы – «Үштілділік» саясатына сәйкес ағылшын тілін білу. Латын әліпбиіне көшу арқылы біз өз тілімізді жаңғыртамыз. Басқа елдермен де ақпарат алмасу да ыңғайлы болады.

Латын әліпбиі – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге үлкен ықпалын тигізеді.

 

Мағжан ЖӘНІБЕКОВА,

Чапай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button