ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

0
85

Өткен аптада Өтеген батыр кентіндегі жасөспірімдер мен балалар спорт клубында бокстан КСРО спорт шебері Құлмағанбет Сатыбалдыұлы Құлжабаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы ХХІІ республикалық турнир өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген 11-15 жастағы 100-ден астам жасөспірімдер қатысты.

Негізгі мақсаты: жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, олардың боксқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Жетісу өңірінің түкпір-түкпірінен келген жас боксшылар аянып қалмады.

Турнир «АИБА» тәртібінде өтуде. Яғни, әр жұпта бірден 3 раунд болады. Әр раунд екі минуттан. Арасындағы демалу уақыты 1 минут.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылғандар кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал, жаттықтырушылардың назарына іліккен жас боксшыларға арнайы статуэтка сыйға тарту етілді.

Ұйымдастырушысы аудандық бокс құрамасының аға жаттықтырушысы, Рауан Сапар турнирдің бас төрешісі: – КСРО-ның бокстан спорт шебері өзімнің досым, марқұм Құлмағанбет Сатыбалдыұлы атындағы турнирге көптеген жасөспірім қатысуға тырысады. Бұл республикалық турнир дәстүрлі түрде Қапшағай қаласы мен Іле ауданында өттіп тұрады. Былғары қолғап шеберінің турнирі жастарды ынталандырады. Сондықтан жылдан жылға қатысушылардың саны да артып отыр. Турнир ұйымдастырушылары келесі жылы еліміздің басқа да өңір боксшыларын шақыруды жоспарлап отыр. Бақ шаба ма, әлде бап шаба ма оның нәтижесін сол кезде көрсетеді, – деді.

Жарыс нәтижесінде 42 келідегі А. Қожаберген «Батыл бол» клубынан І-орын, Байсерке ауылы. Осы салмақта ІІ-орын С.Филиповских, Қосөзен ауылынан. Сондай-ақ ІІІ-орын А.Тілеутай, Ш.Жексенбаев, С. Марғұлан, Б. Рахат, Ә.Қасаболат, А.Алмасұлы, А. Жұман, М.Бурабай, Ә. Нәжітәй, А. Қуандықов үздік боп көзге түсті.

 

Өз тілшіміз