Аудан жаңалықтарыҚоғам

ҚОЛЫ АШЫҚТЫҢ, ЖОЛЫ АШЫҚ

Қайырымдылық — көп мағыналы түсінік. Бұл жақсылық, мейірбандық, материалдық және моральдық көмек, ол дегеніміз сондай-ақ, жанашырлық, аяушылық, көп жылдар бойы келе жатқан және де қазіргі оңай емес уақытта да бар адамдық құндылықтар.  Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері өздерінің жауынгерлік даярлығын арттыруға үлгеріп қана қоймай, сонымен бірге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, қамқорлық пен ықыласқа мұқтаж адамдардың барлығына арнап қайырымдылықіс-шараларын өткізуде. Соның бірі аудандағы

29219 әскери бөлім командирінің орынбасары Нұртаев Әлішердің бастамасымен және барлық әскерилер Жетіген кенті мүлікті сақтау қоймасы филиалының жеке құрамымен Жетіген ауылдық округіндегі  асыл қазынамыз саналатын аға буын қарттарға құрмет көрсетті. Қарияларға сый-сияпат ұйымдастырылып, азық-түлік себетімен қатар, шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетті. Әрине, арнайы ұйымдастырылатын сый-құрметке қариялардың көңілі бір марқайып қалатыны анық. Оларға бөлінген көңіл мен мемлекеттік қызметтегі азаматтардың арнайы келіп хал-жағдай сұрағаны қымбат. Қайырымды жандардың қамқорлығына бөленген жандар алғыстарын жаудыруда. «Кең болсаң, кем болмайсың» демекші осындай көмек қолын созып, қолдау көрсеткен жандарға айтар алғыс шексіз.

 

«Жетіген ауылдық округі әкімінің

аппараты» ММ

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button