ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – АҒАРТУ ІСІН ҚОЛДАЙДЫ

0
41

Қыркүйектің 2 күні Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген тақырыппен халыққа жолдауын жасады. Алдымен жалпы халықты жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтады. Ол: «Менің сайлау алдындағы бағдарламамды, халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын» деген нақты қадаммен бастады.

Президентіміздің кезеңдерін атаңанда маған ұнағаны IV Әлеуметтік Жаңғырудың жаңа кезеңі. Онда Еліміздің бюджеті екі негізгі мақсатқа бағытталуы тиіс – экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу туралы сөз қозғалды.

Әлеуметтік салада  Білім беру сапасын жақсарту сынды бағыттарға баса мән беру керек деді. Президентіміз «Біздің елімізде еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесі әлі күнге дейін әзірленген жоқ. Шын мәнінде, мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалған. Жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады. Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде. Біз оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс» деді

Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтығын айта келе, ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығын ескертіп.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жаңа деңгейде жалғастыруды, Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды тапсырды. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырды..

Білім саласына қатысты тағы бір мәселе –қаржыландырудың біркелкі болмауы және өңірлік басқарудың қазіргі жүйесінің тиімсіздігі мен қатар  білім бөлімдерін басқару және бюджет қаржысын әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру керек деді. Білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажет.Тағы бір өзекті мәселе. Бұл – оқулық сапасының төмендігі.

Оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету– тиісті министрліктің тікелей міндеті.

Мұғалімдер мен оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартпасақ, бұл шаралар жүзеге аспайтынын айтты.

Ауыз толтырып айтар тағы бір жаңалығымыз ол төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырғаны болды. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз.

Осы Президентіміз айтқан IV Әлеуметтік Жаңғырудың жаңа кезеңін еңсерсек елдің ағарту ісі алдағы уақытта жаңа жолға түсіп, білім сапасы артатынына нық сенімдемін.

Л. Каткеева, аудандық білім бөлімінің басшысы