ҚоғамМерекелер

ҚАДІРЛІ ҰСТАЗ, ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Мемлекет  басшысы К.Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. Бұл кеңесте ұстаздар алдына көптеген мақсат-міндеттер қойылды. Білім беру саласындағы мәселелерді жүйелі шешу жолдары қарастырылды. Соның ішінде педагог кадрларды кұрамы мен кәсібилігі білім саласын көтеру үшін кешенді шаралар өте орынды айтылды. Ал, «Педагог» мәртебесі туралы заңның колданылу мерзімінің бекітілуі, ұстаздар қауымын бір серпілтіп тастады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тамыз кеңесіне арнайы келіп қатысуы, білім саласында майталман мамандарды марапаттауы, ұстаз қауымы үшін үлкен мәртебе болды. Сол ұстаздардың ішінде біздің М.Мақатаев атындагы №13 орта мектебінің жоғары санатты, тарих пәнінің мұғалімі, ізденімпаз ұстаз Казербаева Гүлнәр Құлжабайқызын ел Президентінің қолынан «Құрмет» орденін алуы, біздің ауданымыз үшін зор мақтаныш.

 

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button