Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

ЖОЛДАУ — ӨРКЕНДЕУДІҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДА

2 қыркүйек күні Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын халыққа жариялады. Ол негізгі 5 бөлімді қамтиды. Жолдаудың әр бөлімінде еліміздің жаңа кезеңге аяқ басуының негізгі міндеттері жөнінде айтылған.

Осы жолдау аясында М.Мақатаев атындағы №13 орта мектебінің 11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушыларымыз Елбасының Жолдауымен толығырақ танысып, қазақ тілінде Момбай Паулина, Слам Айтбол, Бақытжанқызы Алтынай, Зікірия Жанель, орыс тілінде Қойбағар Мөлдір, Қожанова Нұрай

Ағылшын тілінде Бекболатұлы Мұхамедияр, Гайсина Зарина, Төлеубай Саида, Құдайберген Асель сынды оқушыларымыз үш тілде өз ойларын ортаға салды.

Жолдаудың негізгі идеясы елімізге жаңа заман талабына сай өзгерістер енгізу,халықтың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау, білім сапасын жақсарту, оқу орындарының санын арттыру, еліміздің экономикасын қарқынды түрде дамыту сынды өзекті мәселелер көрсетіледі.

Талдау соңында сөз кезегі мектебіміздің директоры Керимкулова Аяулым Жакашбайқызына берілді. Аяулым Жақашбайқызы: Елбасының Жолдауын қолдай отырып, бәсекеге қабілетті, санасы терең, жауапкершілігі мол, заманауи технологияларды жетік меңгерген, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен нағыз отаншыл ұрпақ сендерсіңдер,  Нұрлы жолмен, Мәңгілік Елге бастайтын абыройлы, мәртебелі, білімді шәкірт болып, биік белестерді бағындырыңдар, — деді.

Жолдау-өркендеу өрісі екенін бізде қолдай отырып,жаңа заман талабына сай мемлекет жолында білімімізбен, біліктілігімізбен, патриоттық рухымызбен талмай еңбек етіп, Қазақстанның жарқын болашағына өз үлесімізді қосамыз деп уәде береміз.

 

Диана ҚАНАТОВА, М.Мақатаев атындағы

№13 орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button