Кеше арнайы Ақордадан келген  Балалар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері ауданымыздағы бірнеше  білім нысандарымен ауруханаларды  аралап, хал-ахуалымен танысып  шықты. Олар алдымен аудандық әкімшіліктің кіші залында осы салаға қатысты мамандармен дөңгелек үстел өткізіп өзара пікір алысты. Онда аудан әкімінің орынбасары А. Сәтібаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары С. Закиржанов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы балалардың құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Д. Закирова қатысты.

Басты мақсат – «Бақытты отбасы» жобасы аясында жасалған арнайы Жол картаның өңірде жүзеге асырылу барысымен танысу, балалар балалардың құқықтарын қорғау және аз қамтылған жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға назар аудару, өңірдің әлеуметтік салада атқарған жұмыстарының нәтижесімен танысу.

Кеңес төрайымы Д.Закиева мен әлеуметтік сала мамандары өқралған жұмыс тобы аудандық мен облыстық балалар ауруханасы, инклюзивті білім беретін арнайы №24 лицейдің жай-күйлерімен танысты.

Аймақтық аурухананыі сауықтыру орталығының жұмысымен танысты.

Әр нысанда комиссия мүшелері арнайы жұмыс алгоритміне сәйкес, психолгтармен сұхбаттасып, ауданның балалармен жұмысындағы жағдайын назарға алды. Сан саланы қамтитын бала тәрбиесі жұмысының қауырт қызметінде денсаулық, әлеуметтену, білім алу, спорт, демалыс, мәдениет пен тіл салаларындағы балаларға жасалынатын қамқорлық қажетін тілге тиек етті.

Б. ЧОЙБАСОВ