Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

АЛҒАШҚЫ БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛДЫ

Ауданымызда шілде айынан бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында алғаш рет 1 жанұя қолжетімді баспанаға қол жеткізді. Әлі 200-ге жуық өтініш иесінің құжаттары банкте қарастырылып жатыр, — дейді осы салаға жауапты мамандар.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша ауданымызда Өтеген батыр ауылында алғашқы бір отбасы қоныстойын тойлады. Аудан әкімінің орынбасары А.Сатибаев алғашқы отбасыға жаңа пәтердің кілтін табыстады. Жеңілделтілген несие «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы беріліп отыр. «Бақытты отбасының» алғашқы иегерлерінің бірі Қ. Асамбаева — 2 баланың анасы. Медицина саласында қызмет етеді. Өтеген батыр ауылынан 2 бөлмелі баспанаға қол жеткізді. Бастапқы жарнаға жетпеген сомманы әкімдіктен тұрғын үй сертификаты ретінде алған. Енді ол 18 жыл өз пәтеріне несие төлейді.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін отбасының әр мүшесіне келетін табыс мөлшері 42 500 теңгеден аспауы керек. Бұл бюджеттік жәрдемақы емес, жұмыс орнынан алатын қаражат болуы шарт. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» алғашқы жарнасы барлар аталмыш бағдарламаға қатыса алады. Ал, бастапқы жарнаны өтеуге шамасы келмеген отбасыларға жергілікті әкімшілік тұрғын үй серфикаттарын береді. Олардың тізімін мәслихат бекітеді. Белгілі санаттағы азаматтарға басымдық берілген.

 

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button