Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамРухани Жаңғыру

ІЗГІ ІЗЕТ ЖОЛЫМЕН

Іле ауданы ардагерлер ұйымының бекіткен жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында округ тұрғындары арасында ақсақалдар кеңесінің және Байсерке ауылдық округ әкімі аппарат қызметкерлерінің ұйымдастыруымен « Батамен ел көгерер» атты округтік байқау өткізілді.

Аталмыш байқауға округке қарасты Көктерек, Байсерке,Жаңаталап, Қоянқұс, Ынтымақ елді мекендерінен үміткерлер қатысып, І-орынға Көктерек елді мекенінен Қыдырбаев Нүркәділ, ІІ-орынға Ынтымақ елді мекенінен Дінмухамед Фарахад, ІІІ-орынға Байсерке елді мекенінен Сулейменов Сұлтанқұл ие болып, округ әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Өткізілген іс-шараның мақсаты үлкенге өнеге , кішіге ізет көрсету; бата сөздерді үйренуді жастарға барынша насихаттай отырып, жас ұрпаққа үлгі ету, жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

 

Л. ДАИРБЕКОВА, округ әкімінің бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button