Аудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғамРухани ЖаңғыруҰлы даланың жеті қыры

ТУҒАН ЖЕРІМ СҮЙІКТІМ, МЕН СЕНІМЕН БИІКПІН

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған «Жетісу балалар кітапханасы» кітап сериясымен Іле аудандық балалар кітапханасына келіп түскен жаңа кітаптарды насихаттауда Өтеген батыр ауылындағы «Қуат» балабақшасының «Ақтиін» мектепке даярлық тобының бүлдіршіндері және тәрбиешілері Меруерт Тунеренова, Нәзік Нұралиеваның қатысуымен «Туған жерім сүйіктім, мен сенімен биікпін» атты тэйболток өткізілді. Шара барысында әсем безендірілген «Ертегім неткен… мұратына жеткен» деген тақырыпта кітаптар сериясы жинақталған көрме тек кішкентай оқырмандар үшін ұйымдастырылды. Көрмеге ең қызықты, әдемі безендірілген басылымдар қойылды. Балаларды ерекше кітап басылымдарында көңілді өлеңдер мен сиқырлы ертегілер, қызықты суретті кітаптар мен ұмытылмас оқиғалар күтіп алды. Мереке соңында интернет арқылы «Алдар көсе» мультфильмі көрсетіліп, балалармен әсерлі көңіл-күймен қошайтыстық.

 

А. АМАНТАЕВА,

Іле аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button