Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамМәдениетРухани Жаңғыру

АСЫЛ МҰРА -АҚ БАТА

«Батагөй – 2019» аудандық байқауы халқымыздың осы бір кең таралған дәстүрі- баталы сөздері ақсақалдарымыздың барынша жете меңгеруін, қазақтың нағыз ақылмен, абыз, батагөй ақсақалы болып қалыптасуын көздей отырып, ұлттық болмысымызды сақтау, рухани түп тамырымызды жас ұрпаққа насихаттау мақсатында жыл сайын өтіп келеді. Биылғы шара 18 қыркүйек күні аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Іле мұрагер» ҚБ, аудандық Ардагерлер үйінің ұйымдастыруымен Ынтымақ ауылында орналасқан №46 орта мектебінде өтті.

Байқауға ауданымыздың барлық ауылдық округтерінен ақсақалдар жиналды.

Байқаудың басты мақсаты:

— домбыраның күмбір қаққан сазындай биязы, асқақ әуезді, көркем де көсем, өткір де шешен сөздермен өрілген баталарды ақсақалдардың күнделікті өмірде барынша көбірек қолдануына ұйытқы болу;

— ел-жұрқа сыйлы, өнер-білімді, үлгілі-тағылымды ақсақалдардың орайын келтіріп, орамын тауып айтқан бата сөздерін насихаттай отырып, оны жасы үлкен адамдардың дәстүрлі азаматтық парызы ретінде ұғындыру;

— даламыздың қоңыр желіндей аңқылдар, еркін есілген бата сөздерді үйренуді жастарға барынша насихаттай отырып, жас ұрпаққа үлгі ету, ақсақалдардың өнерін бағалау, марапаттау.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Сәтібаев Алмасбек Қожабекұлы, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Закиржанов Садыр Тұрсынжанұлы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы, мәслихат хатшысы Абилова Роза Михаилкизи сөз сөйлеп, қатысушы ақсақалдарға сәттілік тіледі.

Байқау шарттарымен танысқан қатысушылар «Батагөй – 2018» байқауының жүлдегері Бейсенбаев Жұмабек ақсақалдың батасымен байқауда баптарымен сынасуға кірісті.

Байқау қорытындысына сәйкес Бас жүлдеге Энергетик ауылдық округінің ақсақалы Көрпебаев Қабылан, І-орынды Боралдай кентінен, ҰОС ардагері Аяшев Қантбек, ІІ-орынды Жетіген ауылдық округінің ақсақалы Мықышев Мұрат, ІІІ-орынды Қараой, Байсерке округтерінен келген Әлғожаев Зәкіржан ақсақал мен Нұркәділ Қыдырбаев  бөліп алды.

Байқауды аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Ә.Исаев қорытындылады.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға мадақтама, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталды.

 

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button