Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыЗнай нашихҚоғам

АБАЙТАНУШЫ ҒАЛЫМ ОҚУШЫЛАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Жақында Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейде  лицей басшысы Г.Ерубаеваның ұйымдастыруымен, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, әдебиет танушы, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының Абайтану бөлімінің меңгерушісі Қорабай Серікқазы Сыбанбайұлымен кездесу өтті.

Кездесу мақсаты, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру. Абайдың тілі-халықтың, ұлттың тілі екенін оқушыларға түсіндіру. Абай шығармаларының көркемдік тілі арқылы ана тіліміздің қадір-қасиетін оқушы бойына сіңіру. Ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу.

Кездесу барысында Серікқазы Сыбанбайұлы өзінің саналы ғұмырында хакім Абайдың ақындық мұрасы, оның шығыс мәдениетімен байланысы, сонымен қатар Абайтанумен бүгінгі ұрпаққа насихаттау және оны дәріптеу мақсатында еңбек етіп келе жатқанын айтып өтті.

Абайдың мұралары оның моральдық мұраттармен моральдық-этикалық философиялық көзқарастарына негізделіп, зерттелген. Профессордың айтуынша, бұл көзқарастардың негізі Абайдың «Толық адам ілімі» арқылы дәстүрлі жалғасын тапқан.

Ұлы гуманист Абай Құнанбаев таным білім туралы өз ілімін жасай отырып, махаббат санатынан адамның толық ілімін тапты. Абайдың барлық мұралары иманды тануға негізделген. Серікқазы Сыбанбайұлы танымдық дәрісте лицей оқушыларына тың ақпараттар беріп, сұрақ-жауаптар арқылы ой бөлісті.

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button