Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Жуырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы — Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев Іле ауданының активімен келелі кездесу өткізді.

Кездесуге ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері, қоғамдық кеңес мүшелері, «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелері, аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Игілік баршаға! сабақтастық. әділдік. өрлеу» сайлауалды бағдарламасы және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында азаматтардан алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының, «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттердің жүзеге асырылуы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жұмысының негізгі басым бағыттары туралы баяндаған Серікбай Өрікбайұлы өткізген кездесу тартымды болды.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу мен көрсетудің өзектілігін түсіндіру және мемлекеттік қызметтерді көрсетушілердің мемлекеттік қызметтердің сапасына баса назар аударуының маңыздылығын жеткізу болды.

Сонымен қатар, жиын аясында мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерін интеграциялау мәселесі де қозғалды. Себебі, бір ортақ жүйеге біріктірілген ақпараттық жүйелердің болуы мемлекеттік мекемелердің жұмысын ғана жеңілдетіп қоймай, оған қоса азаматтардың уақытын үнемдеп және қызметтерді алушылар үшін қолайлы жағдай құруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында жиын қатысушылары мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанға үдемелі түрде көшірудің маңыздылығын атап, қойылған міндеттерді сапалы орындау еліміздің дамуы жолында барша қазақстандықтардың ортақ міндеті екендігін айтты.

Аудандағы кадрлық ахуалға тоқталған Департамент басшысы С.Нұрғисаев «Қазақстан Республикасының азаматтарын Президенттік резервіне іріктеуді Кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия жүзеге асыратын болады. Резервке отыз бес жастан үлкен емес, жоғарғы білімі және бес жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматы алынуы мүмкін. Қазіргі уақытта, іріктеудің кезеңдері мен механизмін анықтайтын нормативтік-құқықтық актінің жобасы ашық талқылануға жарияланатынын» —  атап өтті.

Жалпы, өткен кездесу барлық жиналғандар үшін пайдалы болғанын айта кеткен жөн.

Өз кезегінде аудан әкімі Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында, Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған маңызды мәселелерді толық, әрі дәйекті түрде түсіндіріп бергені үшін Серікбай Өрікбайұлына Іле ауданы активі атынан алғыс айтты.

 

Санат ЕРБОЛАТҰЛЫ,

Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөілімінің басшысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button