Ауыл тынысыҚоғам

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыркүйегінде  халыққа Жолдау жариялады. Жолдау барысында Президент ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін айтты. 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлер 25 пайызға қысқаратынын айтып, сондай-ақ ол шенеуніктердің «кереңдігін» сынға алды. Шенеуніктердің жергілікті жерлерде қолжетімсіз болғандықтан халық көбіне Президентке жүгінуге мәжбүр екенін, сондықтан Мемлекет басшысының Әкімшілігі мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерін қарау деңгейінің сапасын бақылайтын арнайы бөлім ашылатынын айтты. Президент өз Жолдауында қазақ халқы мен қазақ тілінің мәртебесі туралы сөз қозғады.  Зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейетінін, сонымен қатар, бейбіт шерулер ұйымдастыруға рұқсат берілетінін айтты.  Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлермен күресуге де басты назар аударды. Ол браконьерлікті ұйымдастырылған қылмыстың қауіпті формасы деп атап, үкіметке браконьерлер жазасын қатаңдатуды тапсырды.   Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе, балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейту қажеттігін атап өтті. Бос жатқан жер телімдері тәркіленетінін, сондай-ақ микро және шағын бизнес компанияларын салық төлеуден үш жылға босатылатынын атап өтті. Жолдау барысында Президент  жердің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты.  Сондай-ақ ол  бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін 2023 жылға дейін кейінге қалдырды.  Яғни, енді үй сатып алуға, не білім алуға зейнетақы қорын пайдалануға болады.  Көп балалы отбасылардың үй алуына 240 миллиардтан аса ақша бөлінеді деп атап өтті,  келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсетін болды.  Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы отбасыларға жасалатын көмек туралы айтты.  Ол Елбасының бастамасымен «Бақытты отбасы» деген екі пайыздық жеңілдетілген мөлшерлеме және он пайыздық бастапқы жарна төлеу арқылы жүзеге асатын бағдарламасы құрылғанын, жылдың аяғына дейін 6000-ға жуық отбасы баспаналы болатынын айтты. Президент үкіметке кезекте үш жыл қатарынан тұрған, жағдайы нашар, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды.

 

Р.ҚЫСТАУБАЕВА,

Аудандық Әділет басқармасының басшысы,

Заңгерлер Одағының мүшесі

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button