Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

МАҚСАТ — ЖҰМЫСТЫ ЖАНДАНДЫРУ

Аудандық партия филиалының мәжіліс залында Іле аудандық «Үздік Бастауыш партия ұйымы-2019» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға барлығы 17 БПҰ-ы қатысты. Бағалау төмендегі критерийлер бойынша жүргізілді: партиялық жобаларды іске асыруға қатысу; ішкіпартиялық жұмыс; партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану; азаматтық бастамаларды іске асыру; БПҰ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; жастармен жұмыс. Байқау барысында БПҰ-ы төрағалары 1 жылғы жұмыстарын бейне-сюжет, слайд, альбом-портфолио түрінде көрсетіп, өз белсенділіктерін танытты. Байқауға қатысқан БПҰ-ы партия мүшелері саны бойынша 2 санат бойынша күш сынасып, 2 топта өз өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасы әр топ бойынша БПҰ-ның жұмыстарын бағалап, қорытындысын шығарды. Әділқазылар алқасының төрағасы С.Закиржанов байқауға қатысушылар жұмысын саралап, қорытынды нәтижені жариялады.Байқау барысында

100-ден-500ге дейін партия мүшесі бар БПҰ-ы арасында:

1-орын «Күрті»БПҰ,

2-орын «Денсаулық»БПҰ

3-орын «Междуреченск»БПҰ

500-ден астам партия мүшесі бар БПҰ арасында:

1-орын -« Іле аудандық орталық ауруханасы»БПҰ,

2-орын «Боралдай» БПҰ,

3-орынға-«Жетіген» БПҰ-ы ие болып, аудандық партия филиалы атынан мадақтама грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша сонымен қатар, байқауға белсене қатысқаны үшін аудандық партия филиалының мадақтамасымен төмендегідей БПҰ-дары марапатталды: «Байсерке»БПҰ, «Ащыбұлақ»БПҰ, «Қараой» БПҰ «Казцик» БПҰ, «Энергетик» БПҰ, «Чапаев»БПҰ, «Даулет центр» БПҰ-ы. Әр санат бойынша байқау жеңімпазы атанған БПҰ-дары Алматы облыстық партия филиалының «Үздік БПҰ-2019» байқауына қатысуға жолдама алды.

Байқау соңында әділқазы алқасының төрағасы С.Закиржанов қорытынды сөз сөйлеп, бұл байқауға БПҰ-дары жауапкершілікпен дайындалғаны, жыл бойы атқарылған жұмыстарға толыққанды талдау, мониторинг жасалғандығы жайлы айтып, сонымен қатар жаңа партиялық жобалармен жұмысты күшейту керектігі жайлы тоқталып, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Байқау соңында БПҰ төрағалары естелік суретке түсті.

 

«Nur Otan»партиясы

Іле аудандық филиалы

Басқа жаңалықтар

Back to top button