Алматы облысының жаңалықтарыАуыл шаруашылығыҚоғам

Күрішті өңір өркендеп келеді

Жетісудың ақ маржанын ору қызу жүріп жатыр. Бүгінде астықтың жартысынан жуыға қамбаға құйылған. Бұл туралы «Jetysu Media» коммуналдық мекемесінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Балқаш ауданының әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы мәлімдеді.

Әкім жиын барысында ауданның ағымдағы жылдың 9 айы аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, атқарылған жұмыстар жайлы толық баяндады.

Облысымыздың басты драйвері – ауылшаруашылығы. Халықтың 80 пайызы ауылдық жерде тұрады. Сондықтан ауылдарға жағдай жасау – басты міндетіміз болуы керек.

— Бүгінде аудан ауыл шаруашылық саласы бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Мәселен, егін шаруашылығы бойынша барлығы 29809 га жерге егіс егіліп, оның ішінде күріш 8861 гектарының 7521 га шабылып, 6473 га бастырылды. 27963 тонна өнім алынған.

Сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту және сүт өндіру мақсатында 2018 жылы «Динара ранч» ЖШС-і жеке қаражат есебінен 1500 бас «Голштейн» тұқымды сүтті бағыттағы ірі қара мал басын сатып алып, тауарлы сүт фермасын іске қосты. Сүт фермасында Ирландия елінен алынған «Dairymaster» сүт сауатын құрылғысы орнатылған. Сүт фермасында күніне 1200 бас сиыр сауылып, 30 тонна сүт өндірілуде.

2019 жыл «Халықтың әл-ауқатының өсуі, өмір сапасы мен табыстарының артуы» деген ұранмен өтпек. Қазір біз үй құрылысына, жол жөндеу, газдандыру, ауыз сумен қамту, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына қолдау көрсету мәселелеріне көңіл бөлудеміз.

Осыған орай, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көп балалы отбасыларды баспанамен қамту мақсатында бюджеттен 88 млн теңге қаражат бөлініп, қазіргі таңда Бақанас ауылынан мемлекеттік сатып алудың вэб порталы арқылы 5 тұрғын үй сатылып алынып, көп балалы жанұяларға берілді. Тағы 15 үйге мемлекеттік сатып алудың веб порталына хабарлама берілді.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасын іске асыру мақсатында Ақкөл, Қарой, Көктал ауылдарынан 10 жалгерлік тұрғын үйлерінің құрылыс жұмыстарына мен 2018-2019 жылдарға өтпелі кезеңмен 99 млн. 468 мың теңге қаражат жұмсалып 700 шаршы метрлік 10 үй пайдалануға берілді. Осы үйлердің инженерлік-комуникациялық желілерінің құрылысына 62 млн. 772 мың теңге қаражат жұмсалды.

Бақанас ауылына 20 жалгерлік тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарына 303 млн. 520 мың теңгеге құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы үйлердің инженерлік-комуникациялық желілерінің құрылысына 183 млн. 119 мың теңге қаражатқа құрылыс жұмыстары жүруде. Осы үйлер 2019 жылдың қараша айында пайдалануға беріледі.

Автомобиль жолдары бойынша 2019 жылы аудан аумағында облыстық маңызы бар «Қаншенгел-Сұңқар-Топар-Құйған» жолына 194,5 млн. теңге бөлінді, 15 км жол тегістеліп асфальт төселінді. «Қапшағай-Бақанас-Қарой» жолына барлығы ағымдығы жылға 886,4 млн. теңге бөлініп 36 км орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша жыл басынан бері 841 өтініш қабылданып, 669 отбасындағы 3674 адамға 281,6 млн теңге төленді. 134 отбасының табысының артуына байланысты атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылды (15,9%), сонымен қатар 44 отбасының табысы кедейшілік шегінен асуына байланысты тоқтатылды.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 265 адам тартылды. Оның 209 жұмыссыз азаматтары тұрақты жұмысқа, 45 адамы қоғамдық жұмыс орындарына және 11 адамы кәсіптік оқыту курстарына жіберілді. Ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша 27 азаматқа 87,1 млн.теңге шағын несие берілді.

Алдағы уақытта ауданның халқы және елден шыққан іскер азаматтар, барша қоғамдастық, елдің зиялы азаматтары Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға белсенді атсалысып, туған жеріміздің көркеюіне өз үлестерін қоса береді деп сенім білдірді. Сонымен қатар ауданның алдағы уақытта адам танымастай өзгеретінін айтып, уәде берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button