Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамСпорт

РАЙЫМБЕК БАТЫР ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР

«Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылғы күнтізбелік жоспарына сәйкес, 26-28 қыркүйек күндері аралығында Өтеген батыр ауылында орналасқан аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қазақ күресінен 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасындағы Райымбек батырдың жүлдесіне арналған 17-ші Республикалық турнирі өткізілді.

Жарыстың мақсаты:

— Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру;

— Қазақстан Республикасында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру;

– жастар мен жасөспірімдерді ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру;

– ел, халқы арасында достық пен өзара татулық қатынастарды нығайту;

– Қазақстан Республикасының облыс, қала, аудан, ауылдарында ұлттық спорт түрлерін, оның ішінде қазақ күресін дамытуды кеңінен тарату;

– Республикада Қазақ күресін өркендету арқылы оны ұлттық идея деңгейіне жеткізу және халықаралық аренадағы беделін көтеру.

Аталған турнирге Республикамыздың 13 облыс, 3 қала, 6 ауданынан барлығы 400-ден астам жас балуандар қатысты. Турнирдің ашылу рәсіміне Іле ауданы әкімінің орынбасары Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы, Білім және ғылым қызметкерлерінің «ДЕМЕУ» Алматылық жергілікті кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің  және  «Райымбек батыр» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы — Естенов Тоққожа Естенұлы қатысты. Сонымен қатар турнирдің алғашқы құттықтау сөзі аудан әкімінің орынбасары Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы еліміздің барлық өңірлерден келген спорт-шыларды атаулы турнирдің ашылуымен құттықтап, осы турнирге атсалысып өз үлестерін қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

Сонымен қатар жарысымыздың жекелей есеп қорытындысы бойынша жүлделі орынға қол жеткізген ауданымыздың спортшыларын атап айтсақ: 38 келі салмақта ІІІ-орын Нурмухамбет Алиби, 42 келі салмақта ІІ-орын Асиев Ильзат және 51 келі салмақта Ерік Нурбол ІІІ-орынға ие болды.

Жүлделі орынға қол жеткізген спортшылар аудан әкімінің мақтау қағаздары мен медальдар және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

 

 Ж. ҚАБДІКӘРІМОВ,

Іле ауданының дене шынықтыру

 және спорт бөлімінің бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button