Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

ЖАЛЫНДА ЖАС САРБАЗ

Ел тірегі — 2019 Республикалық акциясы негізінде жастарды және жасөспірімдерді немесе шақырылушыларды патриоттық клубтар арасында аудандық Айбын әскери патриоттық жолында тәрбиелеуге іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Осы акция аясында №38 гимназияда «Жас Отан» жастар ресурсы орталығының ұйымдастыруымен Іле ауданының жеті мектебінің жас сарбаз клуб оқушылары арасында «АЙБЫН» аудандық әскери-патриоттық спорттық жарысы өткізілді.

Бұл жарыстың мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың спортпен жүйелі түрде айналасуына ықпал ету, өскелең ұрпаққа, жас жеткіншектердің бойында патриотизмге негізделген көзқарас, бәсекеге қабілетті жас тұлғаны жетілдіру және жастарды қарулы күштерінің әскери қызметіне дайындау, жастарға әскери дайындық жөнінде мәлімет беру, әскери шақырылатын жастардың моральдық, жігерлік қа-сиеттерін дамыту. Өткізілген жарыста 7 команда 5 оқушыдан — 35 оқушы арасында әртүрлі спорт түрлерінен атап айтқанда турникке тартылу, 100 метрге жүгіру т.с.с.

Жарыс қорытындысы бойынша, Ащыбұлақ ауылдық округінің командасы үздік көрсеткіш көрсетіп, жүлделі І-орынды иеленді. Ал Күрті және Чапаев ауылдық округ командалары өз кезегінде ІІ-орынға ие болса, ІІІ-орынды Междуреченск ауылдық округінің командасы алды. Сонымен бірге А.Назарбай үздік ойыншы деп танылды. Барлық қатысушылар дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал үздік танылған топ облыстық ойынға жолдама алды.

 

С. МЕДЕУБАЕВ,

 Іле ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор.

Н. МУКАЖАНОВА, Іле ауданының ҚІБ ҚР ҚК қызметкері

Басқа жаңалықтар

Back to top button