Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратЗаң және бізҚоғам

АРЫЗДАР ҚАРАЛДЫ

Іле аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық партия филиал төрағасы бекіткен кестеге сәйкес жыл басынан бері мекеме басшылары, құқық қорғау органдары және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары азаматтарға жеке қабылдау өткізуде. Бүгінгі күнге дейін көптеген азаматтардың жеке мәселелері оңтайлы шешіліп, азаматтар аудандық партия филиалына алғыстарын айтуда.

Кестеге сәйкес 22 қазан күні аудандық прокурор І.Бескемпіров қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. Аталған кездесуге аудан азаматтары өздерінің шағымдарын айтып, прокурордан тиісті жауаптар мен қосымша кеңестер алды.

Арыздардың қатарында автокөлік сатып алып алаяқтыққа тап болған немесе жер мәселесі бойынша аудан әкімдігімен келіспеушілік туындап, аудан әкімдігі жәбірленушіге сот шешімі бойынша моральдық шығын төлеу жайлы және миграциялық мәселелер айтылды.

Бұл мәселелердің түпкілікті және заңды шешім қабылдауы аудандық прокуратураның бақылауына алынып, тиісті атқарылатын жұмыстар нақтыланды.

 

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button