Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамРухани Жаңғыру

БАБАҢНАН САҒАН НЕ ҚАЛҒАН

Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектебінің 8 «а» сыныбы сынып жетекшісі М.Керимованың ұйымдастыруымен «Бабаңнан саған не қалған. Балпық бидің туылғанына 325 жыл» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында 8 «а» сынып оқушысы Тоқберген Димаш «Балпық би» тақырыбында бейнематериалмен таныстырды. «Ұлт мұрасы – ұрпақ қолында» айдарында бірнеше оқушы Қазақстанның көрікті жерлері мен тарихына қысқаша шолу жасады. «Балпық тарихы туралы оқушылар жазған рефераттарын қорғап, пікір алмасты. Сабақ барысында сынып оқушыларынан құралған «Қараой сазы» оркестрі мүшелері Алтынай, Бекежан, Нұрасыл «Ерке сылқым»күйін нақышына келтіре орындап, қазақтың ұлттық аспабы домбыра үнімен тәнті етті. Қуанышбай Аружан «Балпық би-асылдар мекені» атты слайдты өте жақсы таныстырып өтті.Оқушылар Балпық биге арналған ақындар жырынан үзінділерді мәнерлеп айтты. Бабаға арналған шара №43 орта мектеп оқушылары арасында да өтті. Тарих пәндеріне қосымша сағат ретінде кіріктіріліп тарих пәні мұғалімі Мырзаханова Әселдің жетекшілігімен Балпық би туралы оқушыларға таныстырылым сабақтары өткізілді.Тарих тұғырын қалаған ата-балаларымыздың өнегелі сөздерін ұмыту болашақ ұрпаққа сын. Мектеп қабырғасынан бастап иен дала жеріміздің қандай жолдармен сақтап қалғанын, қазақ тек қана батырлығымен емес сөзшеңдігімен жер мәселесін шешкендігін ұғындыру. Оқушы бойында патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында мектебімізде сынып сағаттары мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлағатты сөздер, өлеңдері мұра болып қалды. Өсиет сөздері арқылы болашақ ұрпаққа әулие, батагөй қария, ділмәр шешен ретінде есте қалады.

 

А. НАҚЫСБЕКОВА, №18 орта мектеп.

Г. МҰСАЕВА, №43 орта мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button