Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Еріктілер – жақсылық жасауға жаралған жандар

2020 жыл – «Еріктілер жылы».Бұл туралы «Jetysu Media» алаңында өткен баспасөз-маслихаты барысында мәлім болды.

Қазіргі таңда елімізде 287 әлеуметтік-еріктілер орталығы жұмыс істейді. Олардың ішінде 50 мың белсенді еріктілер қайырымдылықпен айналысуда. «2020 еріктілер жылы» қарсаңында Алматы облысындағы еріктілерді қолдау орталығы «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-мен бірлесіп, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының демеуімен «Еріктілер бастамасын дамыту үшін шағын гранттар бағдарламасын іске асыру» жобасын жолға қоюда.

Жобаның мақсаты-бірыңғай еріктілер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастардың волонтерлік қызметке белсенді қатысуын ынталандыру болып табылады.

«Дос.кз» әлеуметтік еріктілер орталығының директоры Лариса Леонидовнаның айтуынша, республика бойынша 17 еріктілер орталығы жұмыс істейді. Бүгінде еріктілер ұйымының жұмысын жадандыру үшін 17 грант бөлініп отыр. Грантты жеңіп алған жағдайда жобаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай көмекке ие болады. Бүгінде 3 жобамен жұмыс жасаудамыз. Олар: «Ашық жүрек», «Студенттік бастама», « Бірыңғай жұмыс күні». Статистикаға назар аударатын болсақ еріктілердің басым көпшілігі 30 жастан асқандарды құрайды. Бұл дегеніміз еріктілерге жас шектеуі жоқ, сонымен қатар қайырымдылықпен айналысатындардың саны артуда деген сөз»,-дейді.

Жиында волонтерлік корпус жобасы еліміздің барлық өңірлерінде жүйелі және үйлесімді өзара іс-қимыл жасау үшін, еріктілер ұйымдарын қатарын бірыңғай үйлестіру орталығын құруға бағытталғаны туралы айтылды. Сонымен қатар, брифинг барысында өзгеде жобалар туралы ақпарат біріліп, еріктілер қозғалысы мен алаңдарды ұйымдастыру арқылы жастарды еріктілер қызметіне белсенді қатысуға шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button