Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

ТАЛАПТАРДЫ ЖОҒАРЫЛАТУ

Әдеп жөніндегі уәкілдің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 24 қазан Междуреченск ауылдық округінің әкімі аппаратының мәжіліс залында, сондай-ақ 30 қазан «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша әдіснамалық семинар өткізілді.

Аталған семинарларға мемлекеттік сала қызметкерлерінен жалпы 30 адам қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалардың талаптарын, сондай-ақ Елбасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын сақтау бойынша жан-жақты ақпарат берілді.

Сонымен қатар, Әдеп кодексінің талаптарының қызметтен тыс жерде қатаң ұстану, сыбайлас жемқорлықтан сақтану, сыйлық алмау, жұмыс орнында себепсіз қалмау туралы бейнероликтер және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — әрбір азаматтың міндеті» атты слайд көрсетілді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2019 жылғы 25 маусымдағы №7-9 ШЕШІМІ бойынша «Мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғарғы мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған шара бойынша Мемлекеттік қызметшілердің әдеп негіздерін сақталуы жөніндегі» міндеттеме Декларациясын басты назарда ұстау қажеттілігі туралы айтылды.

Бұдан өзге, мемлекеттік қызметкерлердің моральдық-адамгершілік бейнесіне жəне іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бірлесе дайындаған «Мемлекеттік қызметшінің əдебі мен мінез-құлық нормалары» атты нұсқаулық Pocketbook таратылып, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимді сауалнама алынды.

 

М. КАРИБАЕВ

Іле ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі

Басқа жаңалықтар

Back to top button