Алматы облысының жаңалықтарыҚоғамМәдениет

Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы

Мәдениет – адам әлемі. Демек, ол адамды тұлғалық деңгейге көтеретін құрал. Осы орайда ортақ мәдениетті қалыптастыру үшін «Жетісу-адалдық алаңы» жастар қозғалысы Талдықорған қалалық арбатында «Ашық аспан астындағы мәдени арбат» атты ақпараттық-түсіндіру кешін өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты: мүмкіндігі шектеулі адамдарды белсенді қоғамдық өмірге тартуға қатысты мәселені көтеру, барлық азаматтарға осы әлемде біз физикалық және өзге де қасиеттеріне қарамастан бірдей екенін көрсету, басқалардың еңбегін құрметтеуге, қоғамдық орындардағы мәдениетті сақтауға және қарапайым адами құндылықтар туралы ұмытпауымыз керектігі туралы үндеу тастау.

Аталған жобаны «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жастар қозғалысы, «Мүшелтой» балалар-жасөспірімдер клубының Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

Алматы облысының жастарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту мақсатында «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жастар қозғалысы құрылған болатын. Жастар қозғалысына Алматы облысының колледждері мен жоғары оқу орындарының белсенді, креативті студенттері мүше.

Бүгінгі күні «Жетісу-адалдық алаңы» жастар қозғалысы Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен, үкіметтік емес ұйымдар мен облыстың барлық мүдделі органдарымен бірлесе отырып, үгіт-ақпараттық, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Ал, осы өткен шара белсенді жастардың қоғам дамуына үлес қосып жүргендерінің айғағы. Жалпы алғанда «Жетісу-адалдық алаңы» жастар қозғалысының әрбір қатысушысы жеке пікірлері мен өзіндік көзқарастары қалыптасқан жалынды жастар.

Шараның жоғары деңгейде өтуіне жастар қозғалысының мүшелері атсалысты. Іс-шарада «Жетісу-адалдық алаңы» жастар қозғалысының қатысушылары «Мүшелтой» балалар-жасөспірімдер клубының белсенділерімен, сондай-ақ қалалық «Саз» музыкалық колледжінің студенттерімен «Бүгін Талдықорған қаласының арбаты қандай?» атты қойылым, сонымен қатар жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында «Өкініш» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қойылым көрсетіледі.

Сондай-ақ, іс-шара барысында жастар қозғалысының белсенділерімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Анар Сабырова

Басқа жаңалықтар

Back to top button