Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғамРухани Жаңғыру

ҰЛЫ ДАЛА ЖЫРШЫСЫ

Іле аудандық кітапханасында ақын, драмашы, прозашы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі І. Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толуына орай «Ұлы дала жыршысы» атты оқырман конференциясы өтті. Іс-шара І.Жансүгіровтің еліміздің аса көрнекті ақыны, қазақ көркемсөз өнерінің асқан шеберлерінің бірі екенін оқырмандарға ұғындыру, ақын жырлары арқылы жастарды туған жерін, елін сүюге, табиғатты аялауға шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Бір конфренция барысында ақынның мол мұрасын түгел дерлік айтып, талдап шығу мүмкін емес. Десек те, оқырмандардың Ілияс Жансүгіров туралы ақпарат көкжиегін кеңейтуге төмендегідей Конференция сұрақтары талқыланды.

  1. Ілияс Жансүгіровтің өмір жолы қандай?
  2. «Құлагер» ақын ғибраты.
  3. Ілияс Жансүгіровтың ақындық мұрасы «Күйші» поэмасы туралы.
  4. Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы.
  5. Ақын жырларындағы табиғат лирикасы.
  6. Ілияс Жансүгіровтың Қазақ әдебиетіндегі орны?

Міне, осы сұрақтар төңірегінде Экономика және құқық колледжінің І-курс студенттері К.Хайдарбай, М.Төлемесова, А.Шалқарова, А.Амангелді, Г. Нұрболат, өз ойларын айтып өтті. Іс-шара барысында «Қазақ поэзиясының «Құлагері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Жетісудың дүлдүлі» атты видеофильм көрсетілді.

 

Г. АБИЛЬДИНОВА

Басқа жаңалықтар

Back to top button