Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамСпорт

«DARYN PROMOTIONS» ұсынады

16 қараша күні Алматы облысы Іле ауданы, Қараой ауылында Қараой ауылдық округі әкімінің жұлдесіне орай кәсіпқой бокс кеші өтеді.

 

Аудан көлемінде  кәсіпқой боксты көтеру үшін қаржы да қажет қажырда мол болу керек –  Дархан Қабыланбаев «DARYN PROMOTIONS» орталығының менеджері.

«Қараой ауылындағы өтетін дүбірлі  кәсіпқой бокс кешіне дайындығымыз жақсы. КазЦИК ауылында   өткізген жекпе-жек сияқты жоғары деңгейде болады деп ойлаймыз. Осы жолы 8 жекпе-жек болады. Барлығыда жетісулықтар, кәсіпқой бокске бет бұрған жергілікті жастар. Енді тек қарсыластардың қандай шоу көрсете білуінде», — деді ол.

Оның айтуынша, жарыс жеті салмақ бойынша өтеді. 52 келіде – Шыңғысхан Тоқтамыс пен Дәулет Молдашев, 57 келіде – Исрафиль Мусимов пен Ержан Жасұлан, 63 келіде – Нұрым Қабдуахит пен Эрубек Асан, осы келіде Латиф Тузуевпен Ерғанат Сағатбек, 66 келіде Самат Үйсенбай мен Ерлан Ерсайынов, 75 келіде – Жасұлан Мерғалиұлы мен Рамзан Сайтов, 81 келіде Бегзат Сатан мен Дауыржан Сержан, ал титулдық кездесуде 63 келіде Алмат Ақылбековпен Бауыржан Саянұлы қолғап түйістіретін болады.

«Кез-келген жекпе-жектер тартысты болады. Жастарды қолдау мақсатында бірнеше нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Көптеген боксшылар бізге хабарласып, осы кеште жұдырықтасқысы келетіндерін айтуда. Солардың ішінен үшеуін таңдап аламыз»,-деді кәсіпқой бокс кешінің басты ұйымдастырушысы Дархан Қабыланбаев мырза .

Сөз арасында ол, бокс қызықты өту үшін қарсыластарының деңгейі өте жоғары болу керектігін және осы тұрғыда жұмыс істеп жатқандарын айтты.

«Жұдырықтасатын спортшылардыі деңгейі бірдей болу қажет. Сол кезде жақсы өнер көрсетеді. Осы тұрғыда біз боксшыларымыздың деңгейіндегі, тіптен олардан асып түсетін боксшыларды тартудамыз. Бұл аудан, ауыл жігіттері үшін үлкен сынақ және тәжрбиелік дода болмақ.», — деді ол.

Бұған дейін, 18 қыркүйекте КазЦИК ауылында кәсіпқой бокс кеші өткен болатын онда әлемге танымал қазақтың кәсіпқой бокс шеберлері  Жанқош Тұраров 24-0, 17 КО , Нұрсұлтан Жанабаев (8-0, 4) КО , Ескендір Харсан 6-0, 5 КО және елімізге танымал жаттықтырушы Сағатбек Мұсаханов көрермен ретінде қатысып  өз қолдауларын көрсеткен болатын

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button