Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыБасты ақпаратҚоғам

МҰРАТ ӘУЕЗОВ ШЕКАРАШЫЛАР АРАСЫНДА

Боралдай кентіндегі 2177 әскери бөлімінде   көрнектi қоғам қайраткерi, мәдениеттанушы, ҚР еңбек сiңiрген қайраткерi, әдебиетшi, сыншы Мұрат Әуезовпен шекарашылар арасында кездесу кеші өтті. Кездесуге Мұрат Әуезовпен бірге режиссер, продюсер Қалдыгүл Жаныбаева қатысты.

Кездесу мақсаты – Абай Құнанбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай, жазушы Мұхтар Әуезов арасындағы рухани сабақтастық туралы тереңірек зерделеу, жалпы тың ақпараттармен таныстыру, жастарды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу. Кездесу барысында қонақтарға әдебиет, шығармашылық, қайраткердік отбасы туралы сұрақтар қойылып, жауаптар қайтарылды. Шараға шекара қызметіндегі офицерлер мен жауынгерлер, кітапхана оқырмандары, жалпы әдебиетсүйер жастар қатысты. Кездесуді 2177 әскери бөлімнің командирі, полковник  Е. Смағұлов жүргізіп, өз қолынан құрметті шекарашы деп жасыл берета мен шекара қызметінің белгісін табыс етті.

Мұрат аға арнайы әкелген кітаптарын сыйлап, шара соңында қатысушылармен фотосуретке түсті.

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button