«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ілгерілету аясында ағымдағы жылы 21 қарашада Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шарасы ұйымдастырылады.

Осыған байланысты 2019 жылы 21 қарашада сағат 09.00-де Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.

Азаматтарды қабылдау Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 38-үй мекенжайы бойынша облыстық әкімдіктің ғимаратында (шағын зал, 3-қабат) өткізіледі.

Қабылдауға алдын ала жазылу 8 /7282/ 24-71-40 телефоны бойынша жүргізіледі.

Облыс әкімі аппараты

басшысының м.а. Ж.Әлімбеков