ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕС – МІНДЕТІМІЗ

0
45

Бүгінгі таңда күнделікті өмірімізде  терроризм сөзі үйреншікті терминге айналып бара жатқандай. Мерзімді баспасөз болсын басқа ақпарат көздері болсын терроризмге соқпай өтпейді. Бұл сөз қандай мағына береді, біздің күнделікті өмірімізде қалайша күнделікті дерлік қолданысқа ие болды, соған тоқтала кетейін. Терроризм  сөзінің төркіні латын тіліндегі (terror «қорқу», «үрей»), — деген сөзден шығады. Ал терроризм «қорқыту», «үрей туғызу» деген мағынаны білдіреді. Бұл термин жалпы адамзат құқұқтарын таптайтын, оны елемейтін кез-келген топтарға айтылады. Террористер дегеніміз керісінше адамзатқа үрей туғызып, оларды қорқытуға, зорлауға дайын топ. Қазіргі таңда діни – ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Экстремизм (ехtгеmus) деген латын тілінен енген термин, сөздік мәні соңғы, шеткі деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс — әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл – тікелей немесе жанама түрде парламенттік демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі. Өкінішке орай соңғы кезде бұл терминдер көбінесе ислам дінінің ішіндегі радикалды экстремистік- террористік топтарға айтылып жүр. Зерттеушілердің сөзімен айтсақ ислам діні негізінде адам құқықтарын өте жоғары бағалайтын дін. Исламның негізгі қағидасы – «дінде зорлық жоқ» (Бақара сүресі 256 аят), яғни адам өз еркімен қай дінді ұстанса да ерікті, ешкім оны басқа дінге күштеп кіргізуге құқығы жоқ. Дінтану мамандарының негізге алған аяттың өзінде ислам дініне экстремизммен терроризм жат құбылыс екені дәлел.

Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы күрес туралы» заӊында терроризм сөзіне мынадай түсініктеме берілген: «Терроризм — күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардыӊ, жергілікті өзін-өзі басқару органдарыныӊ, немесе халықаралық ұйымдардыӊ шешім қабылдауына әсер ету практикасы». Іле ауданы ТҚК-а жұмысы бойынша Междуреченск ауылдық округнде  мешіттермен шіркеулер, діни бірлестіктер келушілері және мекемелер, тұрғындар арасында терроризмге қарсы бағытталған 30 астам іс-шаралар жыл басынан бері өткізілуде, қосымша көп қабатты үйлер мен мекемелер ғимараттарында терроризмге қарсы алдын алу бойынша тақтайшалар ілінді. Округте өткізілген іс-шараларға қатысқан азаматтарға 1000 астам терорризмге қарсы алдын алуға бағытталған профилактикалық парақшалар таратылды.

Қорыта айтқанда, терроризм осы заманғы саяси-әлеуметтік тамыры тереӊге тартатын құбылыстыӊ бірі. Оны болдырмау, алдын алу іс-шаралары да жан-жақты тереӊ ойластыруды талап ететіні сөзсіз. Сол себепті экстремизм мен терроризм, тұтастай алғанда, халықаралық қоғамдастықтың да, сондай-ақ, атап айтқанда, біздің ел үшін нақты қауіп түрі болып табылады. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу – біздің елдің міндеті, сондықтан азаматтық қоғам өзінің экономикалық және саяси әлеуетін нығайту үшін теорроризм атты зұлыммен бірлесіп күрес жургізу – біздің міндетіміз.

 

Қ.ЖҰМЕКЕНОВ, Междуреченск ауылдық округі

әкімі аппаратының бас маманы