Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамРухани Жаңғыру

ВОЛЕЙБОЛДАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Өтеген батыр ауылында орналасқан №24 лицей спорт залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Жастар жылына орай, волейболдан Іле ауданының ашық турнирі өткізілді.

Жарыстың басты мақсаты:

— Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру, ауданда волейбол спорт ойынын дамытып жетілдіру, жастар жылы мерекесін атап өту, жалпы халықты спортқа тарту, спортшылар арасындағы жолдастық қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді түрде дене шынықтыру мен спорт пен айналысу.

Аталған жарысқа 9 команда қатысып, жарыс қорытындысы бойынша І-орын Жәпек батыр командасы, ІІ-орын №13 орта мектеп командасы, ІІІ-орынға Өтеген батыр командасы ие болды.

Сонымен қатар жүлделі орынға қол жеткізген командалар мақтау қағаздары, медальдар, кубоктар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ж. ҚАБДІКӘРІМОВ, Іле ауданының дене шынықтыру және

спорт бөлімінің бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button