Қазақстан жаңалықтарыҚоғам

Қазақстандықтар 120 мыңнан астам ескі көлікті жоюға тапсырды

Ескі көліктерді жоюға қабылдау Бағдарламасына бүгін 3 жыл. Осы аралықта екі бағдарлама (құнын төлеу және сертификат) бойынша 121 477 автокөлік жоюға тапсырылды. Тозығы жеткен көлігін өткізген қазақстандықтарға 11,5млрд теңге қаражат төленді.

Сертификат бағдарламасы бойынша 44 226 автокөлік қабылданды. Табысталған сертификаттың 38 528 отандық өндірушіден 20 646 су жаңа автокөлік сатып алуға пайдаланылды.

Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасы бойынша аймақтардан жиналған автокөліктер Қарағанды облысындағы зауытқа жеткізіледі. Істен шыққан көлік құралдары сол жерде қайта өңделеді. Қазіргі таңда зауыт іске қосылғаннан бері 102 мың көлікті қайта өңдеді.

Тозығы жеткен көлік құралдарын қабылдау бағдарламасының басты мақсаты отандық паркті жаңарту, автокөліктерден экологияға шығатын улы газдар көлемін азайту. Және де қазақстандық автоөндірісті ынталандырып, қайта өңдеу саласының инфроқұрылымын қалыптастыру басым бағыттардың бірі болып саналады.

ӨКМ Операторы баспасөз қызметі Email: info@recycle.kz

8(7172) 72-79-61

Басқа жаңалықтар

Back to top button