Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыДін және қоғамҚоғам

ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

Жақында аудан әкімдігінде  аудан әкімі Б.Қарасаевтың  төрағалығымен арнайы құқық қорғау органдарының басшылары және мемлекеттік мекемелердің басшыларының қатысуымен терроризмге қарсы комиссиясының кезекті жиналысы өткізілді.

Отырыс барысында деструктивті діни ағымдардың идеологиясына халықтың иммунитетін қалыптастырудағы ғаламтор желілерінің ықпал ету дәрежесі, сондай-ақ мемлекеттің терроризмге қарсы жүргізіп отырған саясатын халыққа жеткізу жұмыстарының тиімділігі туралы мәселелер қарастырылды.

Терроризм және діни экстремизм алғышарттарының таралуына әсер етуші әлеуметтік-экономикалық, тәрбиелік және білім беру салаларындағы түйінді мәселелерді жоюға бағытталған жұмыстарының тиімділігі туралы КазЦИК ауылдық округінің әкімі

Ж. Оңалбай, Энергетический ауылдық округінің әкімі Б.Жұмабаев, Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

Б. Иманбеков,

Қараой ауылдық округінің әкімі М. Салимбаевтар

баяндама жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия төрағасы тиісті мемлекеттік органдарға бір қатар хаттамалық шешімдермен нақты тапсырмалар берілді.

Аудан әкімдігінің

жанындағы терроризмге

 қарсы комиссия аппараты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button