Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамСпорт

«ТОЛАҒАЙДЫҢ» АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ СӘТТІ БОЛДЫ

Ауданымызда Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Жастар жылын қолдап, ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Ауданымыздың дарынды бапкері, қазақша күресінің білікті маманы, №19 орта мектептің ұстазы «Толағай» қазақ күресі спорт клубының жетекшісі Ғабдуллин Дархан Аханғалиұлының ұйымдастыруымен 2005-2006, 2007-2008, 2009-2010 жылдары туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен ашық біріншілігі өтті. Оған Алматы, Қаскелең, Талғар аудандарымен обылыстың басқа да өңірлерінен 200-ден астам палуан 27 салмақта өз ара мықтыларын сарапқа салды. Ауданымыздағы Боралдай ауылдық округіне қарйтын жайнақ ықшам ауылындағы №40 орта мектептің спорт залына Алматы қаласы мен облыстарынан келген азулы жас палуандар келіп белдесті. Ешкім жеңілемін деп келмейтінін қарсыластар жақсы біледі.

Қазақ күресінен өткен ашық біріншіліктің мақсаты — жасөспірімдерді салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеу, балуандардың шеберлігін шыңдау. Жарыстың ашылу салтанатында Боралдай ауылдық округінің әкімі Д. Қоңырбаев, №40 орта мектептің директоры Г. Ижанова, ауданымыздың аяулы аналарымыздың бірі Жанна Дүкенбаева сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Салтанатты іс шараны Жетіген ауылындағы қазақ күресінің бас бапкері Д. Сапарбеков жүргізді.

Сонымен боз кілемнің шаңын қағып, мерейімізді асырған жеңімпаздарымызбен таныс болыңыздар! Олар: 2009-2011 жылғылар арасында 32 келіде Әділет Нұрлыбай , 29 келіде Нұрәділ Зейнеғабылов 26 келіде Шыңғыс Махмуд күміс алды, 26 келіде Ерсін Сақтағанмен Әлижан Тойлыбай қарсыластарына есе жіберіп қолаға ие болды. Ал, 2013 жылғылар арасында 40 орта мектептің оқушысы 20 келіде Әлихан Аханғали алтын, 26 келіде Бағдәулет Мырзағали қола алды.

Міне боралдайлық «Толағай» қазақ және дзю-до самбо күресі спорт клубының (tolagai_bo_i_vodnik-i_a_kures) алғашқы жеңістерінің куәсі болдық.

Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне мүмкіндік берген №19 және №40 орта мектептің директорлары М. Бейсенбаева, Гульзира Ижанова ханымға шексіз алғысымызды білдіреміз.

 

Бағдат ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button