ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІКТІ ТІКЕЛЕЙ БАҒАЛАЙ АЛАДЫ

0
36

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы қоғамды толғандырған мәселелердің бәріне жауап берді. Президент мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталды. Негізгі мәлімдеме болашақ азаматтық қоғам жөнінде болды. Жолдауда азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылды. Қ.Тоқаев аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамды тартуға шақырды. Сондай-ақ, осы мақсатпен белгілі қоғам өкілдерін қамтитын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғанын атап өтті. Бұл кеңестің ротациялық тәртіппен жұмыс істейтіні туралы айтылды. Президент митингілерді ұйымдастыру тәртібін жаңартуды маңызды санайды. «Егер бейбіт акциялар заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс», – деді Қ.Тоқаев. Мемлекет басшысы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін нақтылады. Оның айтуынша, алдағы уақытта қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек.

Президент өзінің уәдесін орындады және жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайтуды тапсырды. Азаматтарымыз бен бизнес Мемлекет басшысының монополистерге қарсы күресуге шақыруын қолдайды деп ойлаймын. Қ.Тоқаев бағаның өсуіне байланысты сыни пікірін айты: «Елімізде азық-түлік пен киім-кешектен бастап, түрлі қызметтерге дейін бағаның өте жоғары екені жасырын емес. Микро және шағын бизнес саласындағы жаңадан құрылған компанияларды негізгі қызмет түріне салынатын салықтан үш жылға босатылуы Президенттің ерекше резонанс тудырған тапсырмаларының бірі болды. 2020 жылғы қаңтардан бастап, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімім күшіне енеді. Мемлекет басшысы жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты. «Біз оған жол бермейміз. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек, – деді Қ.Тоқаев. Кәсіпкерлер өтінген тағы бір шешім – 5 пайыздық қосымша зейнетақы төлемін енгізу мәселесі 2023 жылға дейін шегерілді. Осы уақыт ішінде ортақ шешім табу қажет. Зейнеткерлікті қамтамасыз ету мәселесінде тағы бір жаңалық: Мемлекет басшысы Үкіметке жыл соңына дейін жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты түрде пайдалануына қатысты, мысалы баспана сатып алу немесе білім алу үшін жұмсау мәселесін жыл соңына дейін пысықтауды тапсырды. Қ.Тоқаев мемлекетті басқару жөніндегі өзінің формуласын іске асырды. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет». Халық енді жергілікті билік жұмысының тиімділігін тікелей бағалай алады. Сауалнама немесе онлайн-дауыс беру нәтижесінде тұрғындардың 30 пайызынан астамы қала немесе ауыл әкімінің жұмысын тиімсіз деп есептесе, бұл Президент Әкімшілігінің арнайы комиссия құрып, туындаған проблеманы зерттеуіне және тиісті ұсыным енгізуіне негіз бола алады. Реформаны тек реформа үшін жүргізуге жол берілмейді, – деп санайды Президент. Әрбір министрде және әкімде нәтижелі жұмыстың негізгі көрсеткіштерінің тізімі болуы тиіс. Сол арқылы олардың нақты мақсатқа қол жеткізу деңгейі анықталады. Айтылған ұсыныстар Мемлекет басшысының елді толғандырған барлық мәселені білетінін, тамыршыдай тап басатынын дәлелдеді. Жолдау ахуалды жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың нақты жоспарына айналады.

 

Р. ҚЫСТАУБАЕВА, аймақтық Әділет басқармасының басшысы,

Заңгерлер Одағының мүшесі