Ауданымыздың «Sagadat batyr QTT» джиу-джитсу және грепплинг клубының спортшысы  Елжан Жұмаділ джиу-джитсудан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында топ жарды. Бұл туралы спортшының жаттықтырушысы Нұрсұлтан Орынбасаров: «Менің шәкіртім Елжан Жұмаділ өз еңбегінің жемісін көрді. Көп күттірген жүлдесіне қол жеткізді.  Мен осы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!» – деді өзінің фейсбук парақшасында.

Қазір джиу-джисту күресінен елімізде бәсекелестік артқан. Бразилиядан бастау алатын осы күрес түрін еліміздің барлық аудандарынан айналысып жатқан жастарды кезіктіруге болады.

Ал, Елжан Жұмаділ жеңісінің оңай келмегенін айтады: «Мен 77 келіде  күлгін белбеу иегері атандым.  Үш белдесу – үш жеңіс: ресейлік, израйльден, бельгиялық және финалда тағы бір ресейлікпен күрестім нәтижесінде қола жүлде иелендім. Разымын, – деп ағынан арылды.

Біз өз атымыздан жас джитсер, ауданымиыздың мақтанышы Елжан Жұмаділге алдағы додаларда тек биіктен көріне бер деген ақ тілегімізді арнаймыз!

Өз тілшіміз