Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамРухани Жаңғыру

АБАЙ ДАНА, АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА!

Ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың 175 жыл толуына орай №12 орта мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен 4-сынып оқушыларының арасында іс-шара өткізілді.

Мақсаты: оқушыларды ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы еңбекқорлыққа, адалдыққа, білімге деген құштарлығын арттыру. Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап Абай атаның әнімен сусындап,жырларынан нәр алып келеді. Міне бүгін біздің жас ақындарымыз Абай аталарының өлеңдерін жатқа айтып, қара сөздерін оқып, әндерін шырқады. 4 «а» сынып оқушысы Болатқызы Сара ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа мүдірмей айтса, 4 «д» сынып оқушысы Ибраим Сабыржан 21-қара сөзді жатқа айтып әрбір сөздің мағынасын айтып берді. 4 «б» сынып оқушысы Шаяхмет Рабиа «Қөзімнің қарасы» әнін сыныптастарын таң қалдыра байыппен шырқады. Аталмыш іс-шара балаларға ұнады олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсті. Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған… — деп сөзімізді аяқтай келе шара соңында

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе,

Адамдықты көздесең,

Жаттап, тоқы көңілге деп оқушылардың еңбектерін ескеріп қорытынды марапаттау қағаздары табысталды.

 

Б.ТОЙЖІГІТОВА, А.АЯПОВА, кітапханашылар,

№12 орта мектеп

Басқа жаңалықтар

Back to top button