АДАМЗАТТЫҢ ОРТАҚ АЗАМАТЫНА АЙНАЛДЫ 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесі.

0
36

Бұл күн – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын күн. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың ілгерілеу мен өркендеу жолымен келеді. Қазақта: «Тарихты тұлғалар жасайды», деген сөз бар. Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Олар қаншама уақыт өтсе, сол ұлттың данасы ретінде санаға бекіп, адамзаттың ортақ азаматына айналады. Бұл ретте, егемен Қазақстанның негізін салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Президент барша қазақстандық мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан құрметке ие болған кемеңгер тұлға.

Елбасы Қазақтың болашағын айқындап берді. Ауданымыздың мыңдаған халқы бар, сәулеті мен дәулеті келіскен. Мәдениет пен өнерімізді, білім мен ғылымды, өнеркәсіп пен бизнесімізді дамыту арқылы үлкен мақсатқа жететін боламыз.

Қадірлі жерлестер!

1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақпарағы ашылған күн. Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Осы күні президенттік институтқа қадам бастық. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. Мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.

Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!

 

Б. ҚАРАСАЕВ, аудан әкімі, “Nur Otan” партиясы аудандық

Филиалының төрағасы