Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғам

БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА АТСАЛЫСАЙЫҚ

Өтеген батыр ауылы, аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Отырысқа аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Р. Абилова «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Закиржанов, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Аудандық орталық аурухана басшысы М.Егембердиеваның «Nur Otan» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар жайлы есебі. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Іле аудандық орталық ауруханасының директоры Егембердиева Майра Абдыхалыққызы есеп берді. Майра Абдыхалыққызы есеп барысында Іле аудандық орталық ауруханасында «Nur Otan» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар жайлы айтты. Сонымен қатар, Жетіген ауылында аурухана құрылысын салу мәселесі бақылауда тұрғаны жайлы айтты. С.Закиржанов «Іле аудандық орталық ауруханасы» БПҰ-ы «Үздік БПҰ-2019» байқауында І-орын алғанын, облыстық байқауда күш сынасқанын атап өтіп, келешекте БПҰ-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын кешенді жүргізу, өзара жұмыстар ұйымдастыру, жаңа форматта іс-шаралар ұйымдастыру мәселесін бақылауға алу туралы ойын білдірді. Күн тәртібіндегі қаралған мәселені талқылай келе, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы қаулы қабылдады.

 

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы

Басқа жаңалықтар

Back to top button