Аудан жаңалықтарыАуыл тынысыҚоғамРухани Жаңғыру

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ КЕНЕН МЕКТЕБІНДЕ…

Ұлы қазақ даласында елі мен жеріне қызмет етіп, туын тұғырлы етіп, елін ерікті етіп, барын бағалап, жоғын түгендеп, болашағымыз балалар деп еңбек етіп жатқан жайсаң жандар аз емес. Биыл жастар жылы, қазіргі қоғамда келешекте Отанына қызмет етер жастар кімнен үлгі алады? Әрине ел алдында еңбегімен бағаланған жандардан…

К.Әзірбаев атындағы №15 орта мектебінің «Атамекен» тарих әдістемелік бірлестігі Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат ордені» және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері: Аслы Осман және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, көркем сөз шебері Гүлшара Есетқызын білім ордасына шақырып, білім алушылармен «Өнердің теңізінде бірге жүзген» — атты тақырыбында кездесу өткізді.

Аслы Осман мен Гүлшара Есетқызы мектеп оқушыларымен сыр-сұхбат кешінде білім алушылардың көкейкесті сұрақтарына ұтымды жауап беріп, жастардың бойына елжандылық, адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерді ерте жастан үйрену керек екенін айтты. Өздерінің өнегелі жолдарындағы тәлімді еңбектері туралы ой қозғады. Аслы Әлиқызы «Қазақ тілінің мәртебесі, тұғыры биік екенін, ұлтқа қызмет етуде болашақты жасайтын жастар» — деп қара сөздің қадірін білгізді.

«Елге қызмет ету – ұлы мұрат. Ол жолда не белің кетеді, не даңқың келешекке өтеді» — деп Семейлік сөз зергері Күмісжан Дөненбайқызы айтқандай ұлтқа қызмет ету жолында үлгі алар адамдар жастарға келелі ой, көркем мінез тіледі. Ел болашағы жастар мен ұстаздар кездесудің әсерлі өткенін айтып, өнерлерін ортаға салды. Музыка пәні мұғалімдері Шолпан Жұмабекқызы, Гүлайым Разаққызының «Кенен жұлдыздары» және көркем сөз үйірмесінің оқушылары: Еңлік, Ясмина, Перизат, Алина, Айсән, Іңкәр атты оқушылар өнерлерімен ерекше көзге түсіп, киелі білім ордасындағы жастардың да өнер жолында өз қолтаңбаларын қалдыратынын байқатты. Дәл осындай кездесулер қазіргі өскелең ұрпаққа берері мол. Жастар жылы тек жалаң ұрандатпай, осындай ұрпаққа өнеге көрсетер тұлғалармен кездесудің тәлім-тәрбиесі мол екенін түйсіккен шәкірттерімізге кеш соңында Гүлшара Есетқызы жыр шумағын тарту етті. «Алар асуымыз, шығар белесіміз көп» – деген Аслы Осман жастарға амандық тіледі. Сыр-сұхбат кеші өз мәресінде жоғары деңгейде өтті. Кеш соңы өнерлі жастардың концерттік бағдарламасымен аяқталды.

 

Ш.ШЫНТӨРЕЕВА, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

А. РАЙЫМҚАНҚЫЗЫ, көркем сөз шебері

Басқа жаңалықтар

Back to top button